Әлем

Қалжыңның соңы немен аяқталды: Эр-Рияд ИЫҰ-на жаңа бас хатшы ұсынды

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуИяд бен Амин Мадани
Ияд бен Амин Мадани - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сауд Арабиясы ИЫҰ басшысы қызметіне корольдіктің әлеуметтік мәселелер бойынша бұрынғы министрі Юсеф Бен Ахмед әл-Усайминді ұсынды.

АСТАНА, 1 қар — Sputnik. Ислам ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Ияд Мадани көпшіліктің алдында Египет президенті жайлы айтқан қалжыңынан соң қызметтен кетуге өтініш берді; Сауд Арабиясы ұйымның басшысы қызметіне корольдіктің әлеуметтік мәселелер бойынша бұрынғы министрі Юсеф Бен Ахмед әл-Усайминді ұсынды деп хабарлайды РИА Новости аймақтық ұйымның өтінішіне сілтемемен. 

Бұдан бұрын Мысыр президенті ас-Сиси Шарм-эш-Шейхте жастар конференциясында сөйлеген сөзінде "10 жыл бойы тоңазытқышында судан басқа түк болмағанын айтып", ауқатты отбасыдан шықса да, ешкімнің оны тыңдамағанын әңгімелеген еді. Бұл сөздерімен ол жастарды өз күшіне ғана сенуге шақырғысы келген.

ИЫҰ бас хатшысы Ияд Мадани бейсенбі күні Тунистегі баспасөз конференциясында Тунис президентінің атын шатастырып, ас-Себси деудің орнына ас-Сиси деп қалған еді. Содан кейін ағаттығы үшін кешірім сұрап, Тунис көшбасшысына: "Сіздің тоңазытқышыңызда су ғана тұрған жоқ екенін білемін, президент мырза", — деп қалжыңдаған болатын. 

Кейін Мадани мұның тек әзіл екенін айтып, Египет саяси басқармасын мазақ қылғысы келмегенін мәлімдеді. Бірақ Египет СІМ басшысы Самех Шукри бұл оқиғадан кейін Каир ИЫҰ-мен қарым-қатынасын қайта ой елегінен өткізбекші екендігін айтты. 

Сауд Арабиясы ұйымның басшысы қызметіне корольдіктің әлеуметтік мәселелер бойынша бұрынғы министрі Юсеф Бен Ахмед әл-Усайминді ұсынды.

Каир, Египет СІМ мәлімдемесіне сәйкес, Эр-Рияд ұсынған кандидатураны қолдап отырған көрінеді. 

Жаңалықтар
0