Әлем

Археологтар: Иса Пайғамбардың мазары жақсы сақталған

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуИерусалимдегі Гроба Господня ғибадатханасы
Иерусалимдегі Гроба Господня ғибадатханасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Археологтар Иса Пайғамбардың мазарын ашып, оның қалай өзгергенін анықтамақ болған

АСТАНА, 1 қар — Sputnik. Иерусалимдегі Гроба Господня  ғибадатханасында Иса Пайғамбардың жерленген орнынан мәрмәр тақтасын алғаннан соң зерттеушілер оның бөліктері зақымданбаған күйінше сақталыпты деген тұжырымға келген, деп хабарлайды РИА Новости National Geographic журналына сілтеме жасай отырып.  

Журнал бейсенбі күні Иерусалимдегі Гроба Господня  ғибадатханасындағы Иса Пайғамбардың мазарынан тақтаны алу сәті түсірілген бейнематериалды жариялады. 

"Біз 100%-ға айта алмаймыз, бірақ бұл мазар орнының уақыт өте өзгермегенінің визуалдық дәлелі болып табылады. Бұл туралы ғалымдар мен тарихшылар он жылдар бойы ой қозғап келген", — деді журнал археологы Фредрик Хиберт. 

Бұдан бұрын журнал археологтар мазардың бастапқыда қандай болғанын анықтау үшін 500 жылдан бері алғаш рет Иерусалимдегі Гроба Господня  ғибадатханасында Иса Пайғамбардың жерленген орнынан мәрмәр тақтасын алды деп хабарлаған.  

Мазарға 1555 жылы қойылған тақтайшаның астынан зерттеушілер көптеген тастар тапқан. 


Жаңалықтар
0