Corrire della Sera газетінің хабарлауынша, 40 мың адам қауіпсіз жерге шығарылған екен.
Басты залал бастапқы дүмпулер өткен жерлерге келді, бірақ азаматтық қорғаныс жүйесі іске қосылғандықтан, адам шығыны болған жоқ.
30 қазанда Италияда биылғы жылы осымен үшінші рет жер сілкінді. Алдыңғы жер сілкіністері 24 тамызда және 26 қазанда болған еді.