АСТАНА, 31 қаз — Sputnik. 2016 жылы тамызда Астанадағы ломбардтардың біріне шапқыншылық жасаған сотталушы Лери Сванидзе сотта сөйлеген соңғы сөзінде жәбірленушілерден кешірім сұрап, мұндай әрекетке баруына отбасындағы қаражат тапшылығы себеп болғандығын айтты деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мен жәбірленушілерден кешірім сұраймын, заңға қайшы әрекет еткеніме қатты өкінемін. Жасған күнәмді кешірулеріңізді сұраймын. Бұлай болғанына қатты өкініп тұрмын. 14 тамыз күні біреудің затын тартып алып, тығырыққа тіреген қаржы мәселелерін шешемін деп үлкен қателік жасадым. Мұндай әрекет жасап, отбасыма пайда әкелмек түгіл, жағдайды одан сайын ушықтырып жібердім", — деді Лери Сванидзе сотта.
Өз кезегінде сотталушының адвокаты Ербол Әбдірахманов соттың баптарды өзгертіп, мейлінше аз мерзімге бас бостандығынан айыруға өтініш бергендігін айтты.