Қоғам

Грузияға қоныс аудару: қазақстандық қыздың тағдыры

© Sputnik / Levan Avlableri Мария Щеголихина
Мария Щеголихина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мария Щеголихина Қазақстанда туып өскен, Тбилисиде тұрғанына, міне, бес жыл толыпты. Ол Гурзия еліндегі саяхаты жайлы "Гаумарджос" атты кітап жазып, онда өзінің алған әсері, елдің мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы жазады.

АСТАНА, 31 қаз — Sputnik. Қарағандылық Мария Щеголихина тұрмысқа шығып, Тбилисиге көшіп кеткен. Қазір ол грузин тілін үйреніп, ұлттық тағамдарды әзірлеу тәсілін меңгеріп жүр. Sputnik Грузия агенттігіне берген сұхбатында ол Тбилисиге көшіп, өмірінің түбегейлі өзгергендігі туралы әңгімеледі.

Марияның мамандығы – заңгер, болашақ грузин күйеуімен Қазақстанда танысқан, кейіннен Грузияға қоныс аударған. 

"Осыдан он жыл бұрын маған Грузияда тұрасың десе, ешқашан сенбес едім. Тағдыр айдап осында келдім. Жаратқанның әмірімен, бір адамға ғашық болдым, ол да мені сүйді. Ол екеуміз менің туған жерімде таныстық. Бір көргеннен бір-бірімізді сүйіп қалдық. Содан бері жұбымыз жазылған емес. Бастапқыда менің елімде тұрып, Грузияға қыдырып келетінбіз. Сондай сапарлардың бірінде Грузия еліне ғашық болдым. Сөйтіп, осында көшуге бел будық", — дейді Мария Щеголихина.

"Гаумарджос" кітабы Грузияда тұруға шешім қабылдаған шетелдік жігіт пен қыздың хикаясын баяндайды. Кейіпкерлердің тағдыры, кітап авторының айтуынша, жаңа нәрсені таныған кездегі адам жанының өзгеруіне қатысты жеке философиялық көзқарасын суреттейді. 

Марияның айтуынша, кітапты оқыған біраз адам Грузия еліне саяхат жасағысы келіпті. Ал, сол елде туып өскен жандар бұл кітапты оқып туған жерге деген ынтық сезімдері қайта оянған екен. 

Жаңалықтар
0