Жер асты дүмпулері Астана уақыты бойынша 12.41-де тіркелген. Бір деректер бойынша, жер сілкінісі магнитудасы 7,1-ге дейін жетті, басқа мәліметтер бойынша – 6,6. Эпицентрі 10 километр тереңдікте болған.
Дүмпудің күштілігі мен ұзақтығы сонша, әлі ұйқыда жатқан Рим тұрғындары қабырғалардың дірілінен оянып кеткен.
Оқиға орнында түсірілген кадрларды бүгінгі фотолентамыздан көре аласыздар.

1/14
© REUTERS / Max Rossi
Орталық Италиядағы провинциялардың бірінде болған жер сілкінісі салдарынан бұзылған үйден төсек көрініп тұр.

2/14
© REUTERS / Max Rossi
Итальяндық әйел жер сілкінісінен кейін телефон соғуда.

3/14
© REUTERS / Remo Casilli
Норча қаласындағы жер сілкінісінен кейін шіркеу маңында жатқан қоңырау.

4/14
© REUTERS / Remo Casilli
Норча қаласындағы жер сілкінісінен кейін полиция офицері кәрі әйелге жәрдемдесуде.

5/14
© REUTERS / Remo Casilli
Табиғи апат кезінде бұзылған тұрғын үй

6/14
© REUTERS / Emiliano Grillotti
Италиядағы жер сілкінісінен кейін адамдар заттарымен саябақта жүр.

7/14
© REUTERS / Emiliano Grillotti
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері, құтқарушылар мен дәрігерлер бұзылған үйлерді аралап, зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр.

8/14
© REUTERS / Remo Casilli
Норча қаласындағы жер сілкінісінен кейін монастырьдан қауіпсіз жерге шығарылған монах әйелдер.

9/14
© REUTERS / Emiliano Grillotti
Итальяндық полицей бұзылған шіркеу алдында.

10/14
© REUTERS / Emiliano Grillotti
Норча қаласындағы жер сілкінісі салдарынан жартылай бұзылған шіркеу қабырғасы.

11/14
© REUTERS / Emiliano Grillotti
Жер сілкінісінен кейін адамдарды қауіпсіз жерге шығару сәті.

12/14
© REUTERS / Remo Casilli
Өрт сөндірушілер жер сілкінісінен зардап шеккен әйелге көмек көрсетуде.

13/14
© REUTERS / Max Rossi
Виссо қаласындағы жер сілкінісі салдарынан бұзылған ғимарат.

14/14
© REUTERS / Emiliano Grillotti
Магнитудасы 6,5 жер сілкінісі Астана уақыты бойынша 12.41-де тіркелген, Эпицентрі Норча қаласының маңында болған. 20 минуттан кейін магнитудасы 4,6 және 4,1 екі жер асты дүмпуі жалғасқан. Жер қыртысының қозғалысы Италияның көптеген ірі қалаларында сезілді.
