Саясат

Астана Душанбемен стратегиялық серіктестік туралы келісімді ратификациялады

© SputnikТәжікстан қарулы күштері
Тәжікстан қарулы күштері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құжатқа сәйкес Қазақстан мен Тәжікстан бір-біріне қарсы күш қолданбауға міндеттеледі және екі елдің біріне зиян келтіру мақсатында басқа мемлекеттермен серіктеспейді.

АСТАНА, 31 қаз — Sputnik.  Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестік туралы келісімді ратификациялады деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі. 

"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады", — делінген хабарламада.

Стратегиялық серіктестік туралы келісім 2015 жылы 14 қыркүйекте Душанбеде жасалған болатын.

Жаңалықтар
0