Оқиға

Жалған полицейлер тобы құнерездікпен айналысып, адамдарды ұрлаған деген күдікте

© Photo : pixabay.comПолицей
Полицей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Тұтқынға алу" сәтін бейнежазбаға түсірген жалған тілшілердің де бұл іске қатысы бар.

АСТАНА, 31 қаз — Sputnik.  Өздерін полицейміз деп таныстырып, есірткі ұстағаны үшін ақша алған Қостанай облысының бірнеше тұрғынына қатысты құқық қорғау органдары тергеу ісін жүргізуде деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Бұрын сотталған екі жергілікті тұрғын осы топты басқарған. Полиция қылмыстық топ мүшелерінің нақты санын айтқан жоқ. 

Облыстық ІІД мәліметінше, күдіктілер өздерін полицейміз деп таныстырып, есірткі құралдарын заңсыз сатып алған, сақтаған және пайдаланған деген күдікпен азаматтарды "ұстаған", сөйтіп оларды жалдамалы пәтерге алып барған.

Қаскүнемдер тұтқындары жауапқа тартпай  босату үшін ақша талап еткен. 

"Жәбірленушілерге таныстарына хабарласып, қажетті сома жинауға рұқсат етілген. Барлық телефон қоңыраулары жалған полицейлердің бақылауымен жасалып, дауыс зорайтқышпен ғана сөйлесуге мүмкіндік берілген", — деді департамент баспасөз қызметі Sputnik агенттігіне.

Облыстық ІІД жеке қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қылмыстық топ әрекетін биылғы жылы шілдеде тізгіндеген.  

Жаңалықтар
0