АСТАНА, 31 қаз — Sputnik. Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова дүйсенбі күні жаңартылған Әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) жеке разряд рейтингінде әлемнің 33-ші ракеткасы атанып отыр.
Шведова елдің бірінші ракеткасы атағын сақтап қалды. Юлия Путинцева одан бір саты төмен келе жатыр. Екінші жүздікте Зарина Дияс 148-орында. Төртінші жүздікте Камила Керимбаева 324-орыннан 326-орынға түсті. Галина Воскобоева 372-орыннан 370-орынға көтерілді.
Жеке разряд рейтингінде бірінші орында неміс теннисшісі Ангелик Кербер, екінші орында америкалық Серена Уильямс, үшінші орында – польшалық Агнешка Радьваньска.
Жұптық разряд рейтингінде Шведова 13-орыннан 14-орынға түсті, өткен жылы осы уақытта ол 6-орынды иеленген болатын. Воскобоева екінші жүздікте 171-шіден 174-орынға түсті. Путинцева төртінші жүздікте 334-орыннан 332-орынға көтерілсе, Камила Керимбаева 357-ден 351-ге көтерілді, Дияс бір саты жоғарылап, 361-ші болды.
Әйелдер жұптық разряды бойынша рейтингтің басында үнді қызы Сания Мирза тұрса, екінші орында – француз Каролин Гарсия, үшінші орында – француз Кристина Младенович.