АСТАНА, 31 қаз — Sputnik. Молдова орталық сайлау комиссиясына мемлекет басшысын сайлау кезіндегі бюллетендердің 99,28% қаралғаннан кейінгі ақпарат келіп түсті. Ең көп дауыс жинаған – Социалисттер партиясының көшбасшысы Игорь Додон деп хабарлайды Sputnik Молдова агенттігі.
Додон берілген дауыстардың 48,31%-на (678797 дауыс) ие болып, екінші кезеңге өтеді. Оның қарсыласы 38,37% (539097) дауыс жинаған "Действие и солидарность" партиясының төрағасы Майя Санду болмақ.
Үшінші орында 6,02% дауыс жинаған "Наша Партия" үміткері Дмитрий Чубашенко болды.
После подсчета почти 99.28 % бюллетеней расклад такой pic.twitter.com/CkdkhBv0rj
— Zimbelskaia (@Zimbelskaia) 31 октября 2016 г.