Оқиға

Ақмола облысында трассада автобус жолаушылары қауіпсіз жерге шығарылды

© Public DomainАвтобус
Автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Автобусты тоқтатуға қозғалтқыштың істен шыққаны себеп болған. Жолаушыларды жолай кездескен көлікке отырғызып жіберді.

АСТАНА, 31 қаз — Sputnik.  Ақмола облысында қалааралық автобус қозғалтқыштағы қысқа тұйықталу салдарынан тоқтауға мәжбүр болып, жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылды деп хабарлайды төтенше жағдайлар бойынша департаменттің баспасөз қызметі.

Автобус жыраға құлады - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақмола облысында автобус жыраға құлап, 12 адам зардап шекті

"Оқиға 30 қазан күні Ерейментау ауданында болды. Қалааралық автобус Павлодар-Астана маршрутымен келе жатқан. Сағат 22:20-да Астана-Шідерті трассасының 170 километрінде қозғалтқыш бөлігінде қысқа тұйықталу болған, бірақ әрі қарай тұтанып кетпеген", — деп хабарлады ТЖД.

Елордаға бет алған жолаушылар жолай кезіккен көлікке отырғызылды. Зардап шеккендер жоқ.    

 

Жаңалықтар
0