Әлем

Балық сатушысының өлімі: мыңдаған мароккандықтар айыптыны жазалауды талап етеді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМарракештегі Медина орамы
Марракештегі Медина орамы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам тауарын сақтап қаламын деп ажал құшты. Марокко ІІМ мен прокуратурасы тергеу ісін бастауды тапсырды.

АСТАНА, 31 қаз — Sputnik.  Балық сатушының өліміне қатысты наразылық акциясы ретінде Марокконың үлкен қалаларында мыңдаған адамдар көшеге шықты деп хабарлайды РИА Новости Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап. 

Сатушы өткен аптада көз жұмған еді.  Эль-Хосейма қаласының билік органдары ер адамның тауары сақталған контейнерлерді жоймақшы болғанда, сатушы араша түсемін деп қоқыс шығаратын көліктің автоматты шөмішіне құлап кеткен. Мароккандық ауыр жарақат салдарынан қаза тапты.

Агенттіктің мәліметінше, наразылық акциялары Рабат, Марракеш, Касабланка және тағы басқа қалаларда өткен. "Біз не болғанын түсіндіріп, айыптыларды анықтауды талап етеміз", — деді демонстранттардың бірі. 

Эль-Хосейма прокуратурасы мен Марокко ішкі істер министрлігі осы іс бойынша тергеу жүргізуді бастауға бұйрық шығарды. 

 

Жаңалықтар
0