Өңірлер

Қазақстанда бұл апта желді, жауын-шашынды ауа райымен басталады

© Sputnik / Елена БережнаяПетропавлдағы алғашқы қар
Петропавлдағы алғашқы қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның көптеген облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің ұйытқуы – 15-20м/с.

АСТАНА, 31 қаз — Sputnik. Қазақстанның бүкіл аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде  жауын-шашын болады., солтүстікте негізінен қар жауады деп хабарлайды "Қазгидромет".

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің ұйытқуы – 15-20 м/с.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, синоптиктердің болжауынша, тұман түсіп, желдің ұйытқуы 15-20 м/с дейін жетеді. 

Қарағанды облысында тұман болуы ықтимал, күндіз – көктайғақ, жел – 15-20 м/с.

Жамбыл, Қызылорда облыстарында, түнде және таңертең Атырау облысында – тұман.

Ақмола, Қостанай облыстарында – тұман, көктайғақ. 

 

Жаңалықтар
0