Экономика

Астана мұнай шығару көлемін азайту мәселесін талқылауға дайын

CC0 / / Мұнай алу
Мұнай алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мұнай шығару көлемін төмендету мәселесін ел ішінде талқыламақшы.

АСТАНА, 30 қаз — Sputnik. Қазақстан вице-министрі Мағзұм Мырзағалиневтің мәлімдеуінше, Астанада мұнай алу көлемін төмендету немесе тоқтату мәселесі қарастыруға дайын.

Қашаған мұнай кен орны - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстан Қашаған кен орнынан қанша мұнай алуды көздейді

Бұл мәлімдеме ОПЕК және картелден тыс елдер өкілдерінің Венада өткен техникалық кездесулерінен кейін жасалды.

"Біз бұл мәселені тек ел ішінде талқылауға дайынбыз. Оны әлі де тереңірек қарастыруымыз керек, бүгінгі отырыс кезінде пікір алмасып, мүше елдер мен картелден тыс елдердің ұстанымын білу маңызды", — деп жауап берді Мағзұмов тілшілердің елдегі мұнай алу көлемін азайту немесе тоқтатуға қатысты сұрағына.

Қыркүйек соңында ОПЕК Алжирдегі ресми емес кездесуде мұнай алу көлемін тәулігіне 32,5-33 миллион баррелге дейін шектеу туралы келісімге келген болатын, бірақ мүше елдердің әрқайсысына қатысты нақты шектеулер бойынша келісім жасалған жоқ. Ақтық шешім Венада 30 қарашада өтетін ОПЕК-тің ресми кездесуінде қабылданады.

Жаңалықтар
0