АҚШ азаматтық авиациясының федералдық басқармасының хабарлауынша, дөңгелек тесіліп қалғандықтан осындай жайт орын алған. Кейінен БАҚ қозғалтқыштың істен шыққаны жайлы хабар таратты. American Airlines мәлімдеуінше, төтенше оқиға техникалық ақаудың кесірінен болған.
Ұшақ бортында 160 жолаушы мен экипаж мүшелері болды. Аздаған жарақат алған 20 адам қалалық ауруханаға жеткізілген.