АСТАНА, 28 қаз — Sputnik. Ауыр атлет Светлана Подобедова соңғы сәтке дейін допинг мәселесі бойынша қазақстандық атлеттердің ақталып шығатынына сенгенін жасырмады. Қазақстан ауыр атлетика федерациясы мәлімдегендей, авдокаттар тобы әлемдік және құрлықтық біріншіліктерде медальдер мен марапаттауларға ие болған атлеттердің мүддесін қорғауды жалғастырады.
Халықаралық олимпиада комитетінің шешімімен үш қазақстандық ауыр атлет — Майя Манеза, Зульфия Чиншанло және Светлана Подобедованың 2012 жылы Лондон олимпиадасындағы көрсеткіштерін жойылып, медальдер мен дипломдарын кері қайтарылған еді.
Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында Светлана Подобедова ХОК шешімі жайлы ешқандай ақпаратты естімегенін мойындады.
Подобедова спортқа қайта оралып, Токиодағы олимпиадаға дайындалмақшы.