Қоғам

Астана әлемдегі ең интеллектуалды қалалар рейтингіне енді

Жазылу
Елордамыз сарапшылардың биылғы бағасы бойынша Канада, Тайвань, Австралия, Жаңа Зеландия, Ресей, Ұлыбритания және АҚШ қаларымен бірге әлемдік ең "ақылды" қалалар тізіміне енді.

АСТАНА, 28 қаз — Sputnik. Интеллектуалды қауымдастықтар форумының рейтингіне сәйкес Астана ICF " Топ-21 әлемдік интеллектуалды қауымдастықтар" рейтингіне енді деп хабарлады Астана әкімшілігінің баспасөз қызметі.

Рейтинг тізіміне жергілікті экономика мен қоғам құрылысы үшін сандық құралдарды қолданатын қалалар, аймақтар мен қауымдастықтар кіреді.

"Рейтингке Канада, Тайвань, Австралия, Жаңа Зеландия, Ресей, Ұлыбритания және АҚШ елдерінен бірқатар қалалар еніп отыр. Енді олар "ТОП-7" ақылды қалалардың қатарына енуге бақ сынасады, оның нәтижелерін 2017 жылы ақпан айында Тайпей қаласында жариялау жоспарланған", — делінген хабарламада. 

Екі жыл бұрын Астана Огайо штатында өткен үшінші Ақылды қауымдастықтар симпозиумында (АҚШ) "The Intelligent Community Forum" беделді рейтингі бойынша "ТОП – 21" ақылды қалалар тізіміне енген еді.  

Жаңалықтар
0