АСТАНА, 28 қаз — Sputnik. Новосибирсктен Ферғанаға ұшып бара жатқан S7 ресейлік әуе компаниясының ұшағы бір жолаушының хәлі күрт нашарлағандықтан шұғыл түрде Алматы әуежайына қонды деп хабарлады әуе айлағының анықтама қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
"Ұшақ 12:52-де қонды. Бір жолаушының хәлі күрт нашарлап кетіпті", — деді анықтама қызметінде.
Ұшақтың ұшу уақыты мен жолаушының денсаулығы туралы ақпарат әзірше жоқ.