АСТАНА, 28 қаз — Sputnik. 29 және 31 қазан аралығында Қазақстанда ауа райы жылы болады деп хабарлады Қазгидромет.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның қазандағы ауа райына ықпал еткен солтүстік ауа ағымы, оңтүстік-батысқа қарай ақырындап ауысады. Сондықтан алдағы үш күнде республикада ауа температурасының жоғарылайды.
Атмосфералық фронттардың өтуі салдарынан Қазақстанның солтүстік жартысында жауын-шашын, оңтүстігінде – кей жерге жаңбыр жаууы ықтимал. Бірақ ауа температурасы көпжылдық орташа мәннен жоғары және соған жуық болады, қиыр оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күндізгі температура 17-22º °C дейін жылы болады деп күтілуде.