Оқиға

Қарағанды мектебінде оқушының санына пышақ салған

© Sputnik / Табылды КадырбековПышақ
Пышақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жасаған ісін мойындаған он алты жасар бозбала ұсталды. Тергеу жүргізілуде.

АСТАНА, 28 қаз — Sputnik. Қарағандыда пышақ жарақатын алған мектеп оқушысын ауыр хәлде ауруханаға жатқызған. Қазір ол жан сақтау бөлімінде, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Оқиға 27 қазанда болған. Қарағанды қаласының №34 мектебінде оқушылардың бірінің ұялы телефоны жоғалуына байланысты іс-шаралар жүргізіледі. Профилактикалық әңгіме жүргізу үшін 7-8 сынып оқушыларының ата-аналары шақырылады. Бір оқушының анасымен бірге оның студент ағасы жиналысқа қатысады.

Жиналыстан кейін оқушылар мен студент бозбала әжетхана бөлмесіне кіріп, әрі қарай дауласқан. Сол жерде 8 сынып оқушысы пышақ жарақатын алады. 

Қарағанды ІІД мәліметінше, қазіргі уақытта осы фактіге қатысты ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігі бойынша  сот алды тергеу ісі жүргізілуде.        

Жаңалықтар
0