Әлем

Ғаламторда Иисус Христос моласын ашу сәті түсірілген бейнежазба жарияланды

© Sputnik / Н. Михальченко / Медиабанкке өтуИерусалимдегі Қасиетті мола ғибадатханасы
Иерусалимдегі Қасиетті мола ғибадатханасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жоспар бойынша, зерттеу нәтижесінде Иисус моласының бастапқыда қандай болғаны анықталады.

АСТАНА, 28 қаз — Sputnik. National Geografic журналы Иерусалим ғибадатханасындағы Иисус Христос моласының құлпытасын алу сәті түсірілген бейнежазбаны жариялады деп хабарлайды РИА Новости.

Журналдың мәліметінше, моланың бастапқыда қандай болғанын анықтау үшін 500 жылда алғаш рет Христос жерленген жердің құлпытасы алынды. 1555 жылы қойылған құлпытастың астында зерттеушілер көп мөлшерде тас материалын тапты. Зерттеулер нәтижесінде Рим императоры Константиннің анасы Еленаның Христосты осы жерде жерленген деп санауының себептері айқындалады.

Бұл ғибадатхана Иерусалимде IV ғасырда салынып, содан бері бірнеше рет жөнделген.

Жаңалықтар
0