АСТАНА, 28 қаз — Sputnik. 28 қазан күні сағат 14:00-де "Sputnik" халықаралық баспасөз орталығында Астана-Бішкек-Мәскеу телекөпірі өтеді, тақырыбы: " Көші-қон саласындағы ЕЭО жеңілдіктері, мәселелер мен реалиялар".
Пікірталасқа қатысуға шақырылғандар Астанада:
— "Қырғызстан-Астана" этномәдени бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов;
— Қазақстан Республикасы ІІМ көші-қон полициясы Департаментінің сыртқы көші-қон басқармасының басшысы Асқар Нұрымбеков.
Бішкекте:
— Мемлекеттік көші-қон қызметі төрағасының орынбасары Алмазбек Асанбаев;
— "Замандаш" қауымдастығының директоры Майрамбек Жапанов;
Мәскеудегі қатысушылар:
— Ресей Федерациясындағы Қырғыз Республикасы елшілігінің бірінші хатшысы Бахтияр Шакиров;
— Ресей Федерациясындағы Қырғыз Республикасы елшілігінің бірінші хатшысы Мұрат Байгучуков;
— Ресей Федерациясындағы Қырғыз Республикасы елшілігінің Консулдық бөлімінің заңгері Мырзабек Қарагулов;
— Қырғыз Республикасы ІІМ Мәскеудегі өкілі Аскат Алиев;
— Қырғызстандағы мұсылмандар рухани басқармасының Мәскеудегі өкілі Бакыт Тополонов.
БАҚ өкілдерін баспасөз конференциясына қатысуға шақырамыз. Мекенжайымыз: Қонаев көшесі, 12/1, ВП-12, (Сулы-Жасыл бульвар, "Байтерек" монументі жағынан кіресіздер).
Мультимедиялық баспасөз орталығының анонстары электронды поштаңызға келіп тұруы үшін z.kulumbetova@sputniknews.com адресіне өтініш жіберіңіздер.