АСТАНА, 28 қаз — Sputnik. Магнитудасы 3,2 жер сілкінісі Қытай территориясында Алматыдан 348 шақырым жерде болды деп хабарлады ҚР БҒМ сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі жұма күні Алматы уақыты бойынша 06.19-да тіркелген.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 348 км жерде Қытай территориясында орналасқан", — делінген хабарламада.
Жер сілкінісі кіндігінің тереңдігі бес километр.