Экономика

ТМД елдері пойыз қозғалысының жаңа кестесін бекітті

© SputnikПойыз
Пойыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ТМД елдері темір жолдар мен жолаушы және жүк пойыздарының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге қатысты ондаған мәселелер бойынша келісімге келді.
АСТАНА, 27 қаз — Sputnik.  ТМД елдерінің теміржол компаниялары пойыз қозғалысының жаңа кестесін бекітті, ол осы жылы 11 желтоқсаннан бастап енгізіледі деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы. 
Таллинде теміржол транспорты бойынша Кеңес отырысында темір жолдарды пайдаланудың биылғы жылғы тоғыз ай қорытындысы қаралды. Қазақстанның атынан отырысқа ҚТЖ басшысы Қанат Алпысбаев қатысты. 
Отырысқа Әзербайжан, Армения, Белорусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина темір жол әкімшіліктерінің басшылары мен Кеңестің қауымдастық мүшелері –Болгария, Грузия, Латвия, Финляндия темір жол әкімшіліктерінің жетекшілері де қатысты.
Темір жол әкімшіліктері арасындағы өзара есеп айырысу мәселелері қарастырылып, биыл мамыр қыркүйек айларында жүргізілген жүк вагондары мен контейнерлік вагондардың тізімдерін жасау қорытындысы шығарылды.
ТМД елдері арасындағы темір жолдар мен жолаушы және жүк пойыздарының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге қатысты ондаған мәселелер қаралып, келісілді.
ТМД мен Балтық жағалауы елдерінің темір жол желілеріндегі биылғы тоғыз айда жүк тиеу жоспары  өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 8, 3 миллион тоннаға артығымен орындалды. Жалпы көлемі 1 миллиард тоннаға жеткізілді. Жүк айналымы 0,6% өсті.
Достастыққа қатысушы елдердің темір жол әкімшіліктері Кеңесінің келесі отырысын 2017 жылғы мамырда Ресейде өткізу жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
0