АСТАНА, 27 қаз — Sputnik. Қазақстанда өткен ғасырдың 30-40 жылдарындағы екі жетімнің тағдыры жайлы фильм түсірілуде деп хабарлады "Қазақфильм" баспасөз қызметі.
Толықметражды фильмнің режиссері Болат Қалымбетов бұрын "Тамшы" (1989), "Айналайын" (1990), "Последние холода" (1993) и "Сардар" (2004) фильмдерін түсірген. Сценарий авторлары –Ғазиз Насыров пен Болат Қалымбетов. Рөлдерді сомдайтындар: Ерік Жолжақсынов, Шынар Жанысбекова, Ержан Нұрымбет, Ұлан Нүсіпәлі, Оңдасын Бесікбасов, Асан Кірқабақов, Жасұлан Айтенов, Қаршыға Аликенов, Аян Өміржан.
Сценарий жазушы Жүсіпбек Қорғасбековтың "Қасқыр адам" повесі желісімен жазылған.

30 жылдардағы екі жетімнің тағдыры туралы "Талан" фильмінің түсірілімі
© Photo : "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі
