Оқиға

Қаскелеңде сәбилер шетінеуіне қатысты полиция тергеу жүргізуде

CC0 / / Перзентхана
Перзентхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта Алматы облысы ІІД Қаскелеңдегі ауруханада сәбилердің шетінеуіне қатысты сот медициналық сараптамасын жүргізуде.

АСТАНА, 27 қаз — Sputnik. Қаскелең қалалық ауруханасында екі нәрестенің шетінеуіне қатысты полиция тергеу жүргізуде деп хабарлады Алматы облыстық ІІД Sputnik Қазақстан агенттігіне.

жаңа туған сәби - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы облысының әкімі ауруханада сәбилердің шетінеуіне ашуланды

Өткен аптада Қарасай аудандық орталық ауруханада екі нәресте шетінеп кетті: туғанына бір апта болған қыз бен жаңа туған үшемнің бірі. 

"Қарасай аудандық полициясына нәрестелердің шетінеуіне қатысты туған-туыстарынан арыз түсті. Қазір Қарасай АІІБ тергеу бөлімі өндірісінде тергеу жүргізілуде. Тергеу барысын ІІД аппараты бақылап отыр ", — делінген полиция хабарламасында.

Бұдан бұрын Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қарасай ауданында орын алған  нәресте шетінеуінің 2 фактісіне байланысты шұғыл жиын өткізген еді. Әкім болған оқиғаға қатты налып, "әр медициналық қызметкердің өз ісін мұқият саралап, мамандығына деген көзқарасын өзгертуге тиіс екендігін, бұдан да жауапты болуы керектігін" айтқан еді.

Қорытынды сөзінде Баталов өзінің бірінші орынбасары Тұрлашовқа жүргізілетін тексерулерді айрықша бақылауға алуды тапсырды.  

 

Жаңалықтар
0