Саясат

Бас прокурор: біз қаржы қылмыстарын дұрыс тергемейміз

© Photo : Генеральная прокуратура Республики КазахстанЖақып Асанов
Жақып Асанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тергеушілер сараптамалар жүргізіп, кеткен шығынды есептеп жатқан кезде, қылмыскерлер ұрланған ақшаны оффшорға жіберіп үлгереді.

АСТАНА, 27 қаз — Sputnik. Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов қаржы қылмыстарымен айналысатын тергеушілердің жайбасарлығын сынға алды.

"Біздің із кесушілер жеке тұлғаға қарсы күрделі қылмыстарды ашуға шебер. Ол қолымыздан жақсы келеді, ұрлық, кісі өлтіру, бұзақылықтарды жақсы тергейміз. Бірақ қаржы қылмысын дұрыс тергемейміз. Өйткені қаржы қылмыскері өте ақылды, техникалық білімі бар, жылдам ойлайды", — деді ол.

Жақып Асанов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жақып Асанов: кітап оқыңыздар да, адамша жауап беріңіздер

Асановтың айтуынша, ақшаны тауып, бірден іс-әрекетке көшудің орнына, тергеу органдары сараптамалар жүргізіп, кеткен шығынды есептеумен әуре, ал ол кезде "қылмыскерлер ұрланған ақшаны оффшорға жіберіп, тып-тыныш елден кете береді".

Сонымен қатар, бас прокурор айтып өткендей, қазақстандық қылмыскерлер жасырынған елдер оларды ұстауға жәрдемдесе қоймайды. "Кейде оларды құшақ жая қарсы алатындай көрінді, өйткені шекарадан құр қол өтпейді ғой", — деді Жақып Асанов. 


Жаңалықтар
0