Қалыптасқан дәстүр бойынша, Қазақстандағы және әлемдік нарықтағы ірі компаниялар ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнеркәсібіндегі жетістіктерін көрмеде халық назарына ұсынып, сонымен қатар жылдық нәтижелерді қорытындылайды.
"Қазақстан біз үшін таңғажайып ел, биыл көрмеге алғаш рет келдік. Қазақстандық кәсіпкерлерге өз өнімімізді ұсынып отырмыз. "Киндзмараулиден" бастап барлық шараптардың дәмін татып көруге болады. Бәріңізді көрмеге шақырамыз. Грузиндік сорттардың әрқайсысы ерекше, сол себепті бәрінің дәмін татып көрген жөн", — деді Грузия ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гоча Цопурашвили.
Көрмеде әртүрлі грузин шараптарын, шырындар, лимонадтар, тіпті компоттарды тегін ішіп көруге болады.