АСТАНА, 26 қаз — Sputnik. Елордалық мейрамханаға клиенттің төлемеген есебін өндіріп алу үшін сотқа жүгінуіне тура келді.
"Ішімдік ішіп алған ер кісі елордалық мейрамханада ішкен асы үшін ақша төлеуден бас тартқан. Мейрамханаға келушінің тапсырыс сомасы 44 405 теңгені құраған. Ол төленетін шотпен расталған", — делінген Астана қаласы сотының хабарламасында.
Соттың баспасөз қызметі атап көрсеткендей, мейрамхана менеджерінің бірнеше рет есеп бойынша төлем жаса деген талабы сәтсіз болған. Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, жауап берушіден шағымданушының пайдасына қарыз сомасын өндірді. Сот шешімі заң күшіне енді.