Астанада инсульттің себептері мен диагностикасы талқыланады

© Sputnik / Борис Бабанов / Медиабанкке өтуНауқастың жүрегі мен қантамырларын зерттеу
Науқастың жүрегі мен қантамырларын зерттеу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
29 қазан Дүниежүзілік инсультпен күресу күні болып жарияланды. Осы күн қарсаңында мамандар инсультті емдеу мен профилактикасын, науқастан кейін сауықтыру мәселелерін талқылайды.

АСТАНА, 26 қаз – Sputnik. 27 қазан бейсенбі күні сағат 11:00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Дүниежүзілік инсультпен күресу күніне орай баспасөз конференциясы болады.

2006 жылы Дүниежүзілік инсультпен күресу ұйымы қоғамды осы дерт туралы хабардар ету мақсатында 29 қазанды Дүниежүзілік инсультпен күресу күні деп жариялады.

Іс-шараға қатысатындар:

— ҰҒКО АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Махаббат Бекбосынова;

— Инсульт мәселелері бойынша республикалық координациялық орталықтың директоры Ержан Әділбеков.

БАҚ өкілдерін баспасөз конференциясына қатысуға шақырамыз. Мекенжайымыз: Қонаев көшесі, 12/1, ВП-12, (Сулы-Жасыл бульвар, "Байтерек" монументі жағынан кіресіздер).

Мультимедиялық баспасөз орталығының анонстары электронды поштаңызға келіп тұруы үшін z.kulumbetova@sputniknews.com адресіне өтініш жіберіңіздер. 

Жаңалықтар
0