АСТАНА, 26 қаз – Sputnik. Алматы зоопаркында қазан айының басында көз жұмған Мелман есімді керіктің өліміне "этиологиясы анықталмаған ми ісігі" себеп болған.
Мелман есімді керік зоопаркта 5 қазанда көз жұмды. Зоопарктың баспасөз хатшысы Тоқтар Алиев айтып өткендей, жануардың дені сау, ешқандай ауру белгілері байқалмаған. Бастапқыда керіктің уланған болуы мүмкін екендігі де айтылған болатын.
Өлімнің себебі туралы ақпарат зоопарк сайтының "Қауіп-қатер картасы" бөлімінде жарияланған. Бұл бөлімде 2016 жылы болған 20 жануардың өлімі туралы деректер бар.