АСТАНА, 26 қаз – Sputnik. Парламент мәжілісінің депутаты Бақытжан Әбдірайым алыс гарнизондардағы қазақстандық әскери қызметкерлердің жұбайларына ақы төлеуді ұсынды.
"Офицерлердің жұбайлары алыс гарнизондарда тұрады. Олар ешқашан мамандығы бойынша қызметке тұра алмайды, жұмыс істемегендіктен зейнетақы қорына да төлемейді. Олардың зейнетақысы да, кәсіби біліктілігі де жоқ", — деді ол.
Сол себепті депутат әскери қызметтегі офицерлердің жұбайларын дипломаттардың жұбайларына теңестіруді ұсынды.