АСТАНА, 26 қаз — Sputnik. Павлодар облысындағы тас жолда рейстік автобус бұзылып, 79 Өзбекстан азаматы қауіпсіз жерге көшіріліп, құтқарылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Иманқұловтың ақпаратына сәйкес, 23 қазан күні Павлодар облысының Ақсу ауданында "Қызлорда-Павлодар" тас жолында Қалқаман кентіне 15 шақырым жетпей сағат 21.30-да рейстік SETRA автобусы бұзылып қалды. Салонында 79 Өзбекстан азаматы болған автобус Омбыдан Шымкент қаласына бағыт алған.
"Ауа райына және жақын маңда елді мекеннің болмауына, сонымен қатар түнгі кезде сыртқы ауаның —6С° төменгі температурасына байланысты жергілікті атқару органдарымен тез арада жолаушыларды Достық ауылына жеткізу туралы шешім қабылданды", — деп атап өтті ресми өкіл.
Оқиға орнына медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері және адамдарды эвакуациялау үшін мектептің "Газель" көлігі жіберілді.Олар үшін ыстық тамақ ұйымдастырылды. Кеше, 25 қазан күні сағат 17.35-те Өзбекстан азаматтары Оңтүстік Қазақстан облысына қарай жолға шықты.