Экономика

Медведев: ЕурАзЭО кеден кодексін әзірлеу аяқталып қалды

© Sputnik / Дмитрий Астахов / Медиабанкке өтуД.Медведев
Д.Медведев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕурАзЭО) жаңа кеден кодексін әзірлеу аяқталып қалды, бұл ұйымның барлық елдері бірдей жайлы жағдайда болуын қадағалау қажет, деп мәлім етті РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев

АСТАНА, 26 қаз — Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕурАзЭО) жаңа кеден кодексін әзірлеу аяқталып қалды, бұл ұйымның барлық елдері бірдей жайлы жағдайда болуын қадағалау қажет, деп мәлім етті РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев Ресей әскері театрында өткен РФ Федералдық кеден қызметінің 25 жылдығына арналған салтанатты шарада.

"Біз іс жүзінде бірыңғай экономикалық кеңістік шекарасында өмір сүретінімізді ескере отырып бес ел үшін кедендік реттеудің тиімді жүйесін құруымыз қажет ", — деп атап өтті Ресей үкімет басшысы. 

ЕуАзЭО-ға Ресей Федерациясы, Белоруссия, Қазақстан, Армения, Қырғызстан кіреді. 

"Еуразиялық одақтың кедендік кодексін әзірлеу аяқталып қалды. Ол күшіне енген кезде құқықтық қолдануына қарап, бірыңғай іскерлік серіктестік аясында одақтың барлық қатысушыларына бірдей, жайлы жағдай жасалуына қамдану қажет", — деді Медведев. 


Жаңалықтар
0