Экономика

Қазақстан Doing Business-2017 рейтингінде 35-ші орынға көтерілді

© SputnikАстана, бәйтерек
Астана, бәйтерек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Doing Business-2017 рейтингінде посткеңестік елдердің көбісін артта қалдырды, оның ішінде Еуразиялық одақ бойынша әріптестері - Белоруссия, Армения, Ресей және Қырғызстан бар.

АСТАНА, 26 қаз — Sputnik. Қазақстан Дүниежүзілік банк (ДБ) пен Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC)  Doing Business-2017 рейтингінде 51-ші орннан 35-ші орынға көтеріліп Жапония мен Румынияның ортасына тұрақтанды, дегенді білдіреді халықаралық ұйымдар баяндамасының деректері. 

Doing Business-2017 баяндамасын жариялауда оның құрастырушылары өткен жылғы рейтингтің түзетілгенін хабарлады. Қазақстан 41-ші орынға тұрақтанған рейтинг өзектілігін жоғалтты. 

Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан ілгерілікті  "құрылысқа рұқсат алу" (+56 пункт), "энергия үнемдеу жүйесіне қосылу" (27 пункт), "миноритарлық инвесторларды қорғау" (+22) секілді көрсеткіштерде қол жеткізді. Бұл ретте "несие алу" және "салық салу" секілді критерийлерде республиканың позициясы 5 және 3 пунктіге  төмендеді. 

Посткеңестік кеңістік елдері арасында алдыңғы қатарда Эстония (12-орын), одан кейін Латвия (14-ші орын), Грузия (16-орын), Литва (21-орын) кееді. Рейтинг бойынша Қазақстаннан төмен  Белоруссия (37-орын), Армения (38-орын), Ресей (40-орын), Молдавия (44-орын), Әзербайжан (65-орын), Қырғызстан (75-орын), Украина (80-орын) және Тәжікстан (128-орын) тұр.


Жаңалықтар
0