Саясат

Назарбаев Катардың бұрынғы әмірінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаҚазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қатар мемлекетінің бұрынғы әмірі Халиф бен Хамад Әл Танидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

АСТАНА, 25 қаз — Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қатар мемлекетінің Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Таниге шейх Халиф бен Хамад Әл Танидің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысы Халиф бен Хамад Әл Танидің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Осы қиын сәтте орны толмас қазаға ортақтаса отырып, Сізді және жақындарыңызды бекем болуға, сабырлылық сақтауға шақырамын", — делінген көңіл айту жеделхатында.    

Сонымен қатар, жеделхатта бар ғұмырын Қатар мемлекетінің қалыптасуына және халықаралық аренада исламның мүддесін қорғау жолына арнаған шейх Халиф бен Хамад Әл Танидің тарихи тұлға және беделді саясаткер ретінде әрдайым есте қалатыны атап өтілген.   

 

Жаңалықтар
0