АСТАНА, 25 окт — Sputnik. Полиция бейтаныс әйел сәбиді ұру сәті түсірілген бейнені тексеріп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметі.
"Біз Instagram желісінде жарияланған бейнені тексеріп жатырмыз. Жеке басын анықтаудамыз", — деді агенттікпен әңгімелесуші телефон арқылы.
Бұдан бұрын Instagram желісіндегі kazakh_video парақшасында бейтаныс әйелдің жылы жатқан сәбиді балағаттап соққыға жығып жатқандығы түсірілген бейне жарияланған. Бейнеге жазылған жазбада Павлодарда әйел күйеуін бопсалап қызын ұрып жатыр делінген.
Назар аударыңыздар! Бейнеде нормативтік емес лексика пайдаланылған.