АСТАНА, 25 окт — Sputnik. Аты аңызға айналған қазақстандық және кеңестік спортшы Жанбек Саурамбаев 77 жасында дүние салды, деп хабарлады Алматы ден шынықтыру және мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.
ҚР Волейбол федерациясының хабарлауынша, Саурамбаев 24 қазан күні қайтыс болған. Жаназасы 27 қазан күні сағат 10:00-12:00 аралығында Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді.
Жанбек Саурамбаев алматылық танымал "Буревестник" клубының капитаны болған, ол клуб құрамында жүргенде Кеңес одағының чемпионы (1969) және Еуропа чемпиондары Кубогының екі дүркін иегері (1970, 1971) болған.
Сонымен бірге, Жанбек Саурамбаев Еуропа чемпионатында жеңіске жеткен, Әлем Кубогының иегері болған және әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған КСРО құрамасы сапында ойын ойнаған. 1972 жылы ойындық мансабын аяқтаған Жанбек Нығметұлы табысты волейбол бапкері болды, Кувейт пен Қазақстанда жұмыс істеді. Алғаш рет Қазақстан Паралимпиада құрамасын әлемдік спорт аренасына алып шықты.
Сіңірген еңбегі мен жетістіктері үшін, Қазақстан және КСРО волейболына қосқан ерекше үлесі үшін Жәнібекхан Саурамбаев бірнеше рет мемлекеттік наградалармен марапатталды.