Оқиға

Қапшағайдың мас тұрғыны полицей патрульдік автокөлігіне шабуыл жасады

© Photo : ДВД Алматинской областиЖол патруль полициясының автокөлігі
Жол патруль полициясының автокөлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ішімдікке тойып алған ер адам метал түтікпен жүріп жатқан көліктерге, соның ішінде автопатрульге шабуылдаған.

АСТАНА, 25 окт — Sputnik. Қапшағайда ішімдік ішіп алып, патрульдік автокөлікке шабуыл жасаған 24 жасар ер кісі ұсталды, деп хабарлады Алматы облыстық полицияның баспасөз қызметі. 

Патруль қызметіне шабуыл жасау дерегі бойынша қылмыстық істің қозғалғаны хабарланады.

"Соталды тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану") бойынша жүргізіліп жатыр. Ұсталған ер адам Қапшағай аудандық уақытша ұстау изоляторына қамалды", — деп түсіндірді оқиғаны облыстық ІІД. 

Қазанның 24-нен 25-іне қараған түні темір түтікпен қаруланып алған 24 жасар ер адам себепсіз автопатрульге шабуылдаған, арнайы көлікті бүлдіріп, полицейге дене жарақатын салған. Ұсталғанның жеке асын анықтауда Қапшағай полиция қызметкерлері күдіктінің бұрын соңды қылмыстық жауапкершілікке тартылған жергілікті тұрғын екені анықталды. 

"Күдікті мас болған және метал түтікпен жүріп жатқан көліктерге, соның ішінде автопатрульге шабуылдаған, патрульдік көлік оқиға орнына шақырту бойынша келген. Күдіктінің ашулы болғанына қарамастан, оны дереу қарусыздандырып, қалалық полиция бөлімшесіне жеткізді", — деп хабарлады баспасөз қызметінде. 

Ұстау кезінде дене жарақатын алған полицей алғашқы жәрдем көрсетілгеннен кейін қызметіне қайта оралған. 


Жаңалықтар
0