Оқиға

Өнер мен жала: Мұхамедиұлын айыптаған режиссер айыппұл төлейді

© Sputnik / Болат ШайхиновДеньги
Деньги - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Режиссер Талгад Жаныбеков фильмді қаржыландыру үшін мәдениет министрі Арыстанбек Мухамедиулы одан "пара" сұрағанын мәлімдеген. Тергеу барысында айыптаулардың негізссіз екендігі анықталған.

АСТАНА, 25 окт — Sputnik. Сот қазақстандық режиссер Талгад Жаныбековты мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиулына жала жапқаны үшін 1 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттеді, деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.  

мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы - Sputnik Қазақстан
Саясат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро Мұхамедиұлына қарсы айыптауларды тексеруде

Сотта хабарланғандай, осы жылғы 11-12 шілде аралығында режиссер Жаныбеков ғаламтор желісінде Мәдениет және спорт Министрлігінің құзыреттілігіне және аталған мекеме басшысы Арыстанбек Мухамедиулына қатысты бейнеролик жариялаған.

Мұхамедиұлы өз кезегінде  Жаныбековті ҚР ҚК-ң 130 бабының 3-бөлігімен қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жеке айыптау тәртібімен сотқа жүгінген. Сот Жаныбековтің БАҚ арқылы жариялаған ақпараттың ақиқат болып табылмайтынын, Мухамедиулының абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiргенін, оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiмет екенін анықтады.

"2016 жылғы 25 қазанда Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты Жаныбековті кінәлі деп таныды және оған 500 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды (ред. – 1 миллион теңгеден астам)", — делінген хабарламада. 

"Фникс" фильмі триллерінің режиссері Талгад Жаныбеков Арыстан Мұхамедиұлын сыбайлас жемқорлықта айыптаған. Жыныбековтың айтуынша, министр одан бұл фильмді қаржыландыру үшін "пара" сұраған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кейіннен Мұхамедиұлы тарапынан бопсалау қылмыстық істі бастаған. Алайда қылмыс құрамының болмауына байланысты істі қысқартып тастады. 


Жаңалықтар
0