АСТАНА, 25 қаз – Sputnik. Пәкістанда полиция академиясына шабуыл жасалынды, нәтижесінде 59 адам қаза тапты. Террорлық топ "Ислам мемлекеті" болған оқиғаға қатысты жауапкершілікті мойнына алды деп хабарлайды РИА Новости Reuter агенттігіне сілтемемен.
Бұдан бұрын шабуылды "Талибанға" байланысы бар топ "Лашкар-е Джангви" жасаған деген болжам айтылған болатын.
Қаруланған үш адамнан тұратын топ дүйсенбі күні кешке Кветте полицияның 600 кадетке арналған дайындық орталығына шабуыл жасаған. Білім беру мекемесінен атылған оқ дыбысы, жарылыс естілгендігі хабарланған. Террористтер орталықты "Калашников" автоматы және гранаталармен басып алып, 200 адамды тұтқынға алған.