АСТАНА, 25 қаз – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова туберкулезге қазақстандық дәрілерді сынау барысында адамдардың қаза табуына қатысты пікірін білдірді.
Бұдан бұрын Қырғызстан бас прокуратурасы туберкулезге қарсы қазақстандық ФС-1 дәрісін заңсыз клиникалық сынақтан өткізу екі адамның қазасына әкеп соқтырды деп хабарлаған болатын.
"Бұл туберкулезге қарсы дәрі енді ғана жасап шығарылды және осы дәріні шығаратын ғылыми орталық бастамасымен енгізілді. Бұл жекеменшік ұйым. Дәріні сатуға және жаппай қолдануға шығару үшін 15-20 жылдай уақыт бойы әр түрлі клиникалық сынақтар жүргізіледі", — деді Дүйсенова ҚР үкімет отырысынан кейін тілшілерге.