АСТАНА, 25 қаз – Sputnik. Астана полициясы қара ниетті салушылардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен жәбірленушілерден тергеушілерге баруларын өтінді деп хабарлады қалалық ІІД-де.
Астана ІІД тергеу басқармасының өндірісінде қара ниетті салушыларға қатысты қозғалған бірқатар қылмыстық істер бар. Салушыларды атап өтсек: "Комфортный дом" ЖШС, "GrandElite-NS" ЖШС (Қыз Жібек көшесінде орналасқан "Sky city" ТК); "Бахыт 11" ЖШС (Құдайбердіұлы және Мұстафин көшелерінің қиылысында орналасқан "Жастар – 4" ТК); "Black Gold Developent" ЖШС (Орынбор мен 26 көшелерінің қиылысында орналасқан "Байтау" ТК); "НМ-АстанаКурылыс" ЖШС (Төлебаев көшесіндегі "Арыстан" ТК); "КазгазАстана НС" ЖШС (Қошқарбаев көшесіндегі "Зере 2" ТК); "Алтын Сапа 2011" ЖШС (Ақан Сері көшесіндегі "Зере" ТК); "АлганТокболат" ЖШС (Тұран мен Сығанақ көшелерінің қиылысында орналасқан тұрғын үй кешені); "Элитстрой" ЖШС (Сығанақ көшесінен оңтүстікке қарай, Тұран даңғылынан батысқа қарай орналасқан "Мереем" ТК); "КапиталСтройСервис" ЖШС (А. Иманов және Бейсекбаев көшелерінің қиылысында орналасқан "Гранитный" ТК); "ИнвестЦентр" ЖШС (Тұран даңғылынан батысқа қарай орналасқан "Шығыс" ТК).
Жоғарыда көрсетілген қылмыстық істер бойынша тергеу жұмысы аяқталуға жақын. Қылмысты қудалау органы коммерциялық ғимарат, пәтер алуға келісімшарт жасасқан жәбірленуші тұлғалардың ақтық реестрін құрмақшы.
Сол себепті ІІД полицияға арыз жазбаған жәбірленушілерден Астана ІІД тергеу басқармасы тергеушілеріне тезірек хабарласуын сұрайды. Телефон нөмірлері: 8 (7172) 71-62-22, 8 (7172) 71-63-34, 8 (707) 33-777-33, 8 (705) 516-50-01.