АСТАНА, 25 қаз — Sputnik. France Football журналы еуропалық ұлттық чемпионаттарда өнер көрсететін футболшыларға арналған бас жеке сыйлыққа үміткерлер тізімін жариялады. 30 үміткердің ең көбі мадридтық "Реал" ойыншылары.
"Король клубы" испандық Примера бойынша қас жауы Барселонаны басып озды. Бірден алты ойыншы "Алтын" доптан үміткер болды. "Реал" клубынан үміткерлер тізімінде Гарет Бэйл, Криштиану Роналду, Лука Модрич, Тони Кроос, Пепе және Серхио Рамос бар.
Ал "Барселона" төрт үміткер ұсынды – Лионель Месси, Луис Суарес, Неймара және Андреса Иньетсу.
Тағы бір испандық клуб "Атлетиконы" үш ойыншы ұсынды. Олар: Диего Годин, Антуан Гризманн және Коке. Неміс "Бавариясы" Мануэль Нойер, Роберт Левандовски, Томас Мюллер және Артуро Видальді ұсынды. Итальяндық "Ювентустан" — Джанлуиджи Буффон, Пауло Дибала және Поль Погба, сонымен қатар Ювеге "Наполиден" өткен Гонсало Игуанин шықты. "Манчестер Юнайтед" тізімге жыл ішінде өзіне өткен футболшылар Поль Погба мен Златан Ибрагимовичтің есебінен кірді.
"Манчестер сити" клубынан тізімге Серхио Агуэро мен Кевином де Брейне енді. Сондай-ақ, "Алтын допқа" үміткер екі футболшыны Англия премьер-лигасының өткен маусымының чемпионы "Лестер" ұсынды. Олар: Рияд Махрез және Джейми Варди. Бұдан бөлек 30 үміткер қатарына Пьер-Эмерик Обамеянг ("Боруссия" Дортмунд), Юго Ллорис ("Тоттенхэм"), Димитри Пайет ("Вест Хэм") және Руй Патрисиу ("Спортинг") енген.