Өңірлер

Қазақстан тұрғындарын сейсенбіде қарлы және бұлтты ауа райы күтеді

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуҚар жауу
Қар жауу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер бірқатар облыстарда бұрқасын, көктайғақ болады деп болжайды

АСТАНА, 25 қаз  — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде сейсенбіде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде қар күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі. 

 Синоптиктердің болжауынша, тек республиканың батысында және оңтүстігінде күн ашық болады. Кей жерлерде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын, солтүстік-шығыста және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады, таңертең жөне күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20  м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.  

Алматы облысында түнде тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.  Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, түнде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді.


Жаңалықтар
0