АСТАНА, 24 қаз — Sputnik. Ямалдағы МИ-8 тікұшағының апатынан қаза тапқандар арасында Солтүстік Қазақстан облысының тумасы болған, ол елінде жерленеді.
Бұрын хабарланғандай, 21 қазанда Ямал-Ненецк автономды округінің Пуровский ауданы, Уренгой ауылының маңында Красноярсктық "Скол" әуе компаниясының МИ-8 тікұшағы апаттық жағдайда қонды. Тікұшақта ұшқыштар мен жолаушыларды қоса алғанда барлығы 22 адам болған. ТЖ салдарынан бүкіл экипаж бен 16 жолаушы қаза тапты. Тағы үш адам аман қалды. Олар ауруханаға жатқызылды. Қаза тапқандар арасында екі қазақстандық болды. Олардың бірі — Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Андрей Афонин. Ол Мағжан Жұмабаев ауданы Александровка ауылында тұрған.
Қаза тапқанның анасы Людмила Александровна Sputnik Қазақстанға айтқанда, денесін тануға келінімен бауыры кеткен.
"Біз олардың қоңырауын күтіп отырмыз. Оны осында, үйіне әкелуге тиіс. Осында жерлегіміз келіп отыр. Мен бұған сене алар емеспін. Ауыр қасірет", — деді ол.
Анасының айтуынша, бірнеше жыл бұрын, Андрей Ресейдің Омбы облысына кеткен. "Спецстрой" компаниясында вахтамен жұмыс істеген. Тамыз айында Андрей Афонин 35 жасқа толар еді. Оның артында әйелі мен қызы қалды.