АСТАНА, 24 қаз — Sputnik. Құтқарушылар Семей маңындағы Ертіс өзенінде кішкентай қыздың денесін іздестіруде, деп хабарлады Sputnik-ке Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінде.
"Іздеу шаралары таңғы алтыдан бастап жүргізілуде. 2015 жылы туылған қыздың денесін іздестіруге үш адам мен бір бірлік техника жұмылдырылған", — деді агенттікпен әңгімелесуші телефон арқылы.
Облыстық ТЖД ақпаратына сәйкес, іздестіру әзірге оң нәтиже берген жоқ.
Sputnik-ке Семей қаласы ІІБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлімі бойынша тіркеуге алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзенде бала жоғалудың соңғы аты шулы оқиғасы осы жылғы мамырда орын алған. Астаналық отбасы Қошқарбаев ауылы маңына балық аулауға барып, екі жасар қыздарының жоғалғанын байқаған. Сәбиді іздеуге тікұшақ, дрондар, қайықтар, торлар мен басқа да құралдар пайдаланылған. Қыздың денесі жоғалғаннан кейін 11 күннен соң табылды.