АСТАНА, 24 қаз — Sputnik. Алматы хайуанаттар бағында гепард ұрғашысы өлді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігіне хайуанаттар бағының баспасөз хатшысы Тоқтар Әлиев.
"Чита лақапты 2010 жылы туылған гепард ұрғашысы өлді. Жануар үш жыл бойы ауырған, бұл ретте ол барлық емделу курсынан өтті", — дейді Әлиев.
Агенттікпен әңгімелесушінің айтуынша, ашықтық саясатын жүзеге асыру аясында, хайуанаттар бағының сайтында "Тәуекелділік картасы" парақшасы құрылды. Онда аурып қалған және өлген жануарлар бойынша деректер беріледі.