Спорт

Шведова мен Путинцева WTA Топ-100 орындарын сақтап қалды

© SputnikЯрослава Шведова
Ярослава Шведова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шведова 33-орынды иеленіп, елдің бірінші ракеткасы атағын сақтап қалды. Путинцева одан бір саты төмен келе жатыр.

АСТАНА, 24 қаз — Sputnik.  Қазақстандық теннисшілер Ярослава Шведова мен Юлия Путинцева дүйсенбі күні жаңартылған Әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) жеке разряд рейтингінің алғашқы жүздігіндегі орындарын сақтап қалды.

Ярослава Шведова - Sputnik Қазақстан
Спорт
Шведова Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды

Шведова 33-орынды иеленіп, елдің бірінші ракеткасы атағын сақтап қалды. Путинцева одан бір саты төмен келе жатыр. Екінші жүздікте Зарина Дияс 148-орында. Төртінші жүздікте Камила Керимбаева он саты жоғалтып, 324-орынды иеленді, Галина Воскобоева 373-орыннан 372-орынға көтерілді. Жеке разряд рейтингінде бірінші орында неміс теннисшісі Ангелик Кербер, екінші орында америкалық Серена Уильямс, үшінші орында – польшалық Агнешка Радьваньска.

Жұптық разряд рейтингінде Шведова 13-орында қалды. Воскобоева екінші жүздікте 170-шіден 171-орынға түсті. Путинцева төртінші жүздікте  334-орында қалса, Камила Керимбаева 353-тен 357-ге түсіп, Дияс төрт саты жоғалтып 362-ші болды.Әйелдер жұптық разряды бойынша рейтингтің басында үнді қызы Сания Мирза тұрса, екінші орынға – француз Каролин Гарсия көтерілді, үшінші орынға француз Кристина Младенович түсті.


Жаңалықтар
0