АСТАНА, 24 қаз — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясына 24-25 қазанда барады деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі дүйсенбі күні Twitter парақшасында.
"Қазақстан президенті 24-25 қазанда Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапармен барады", — делінген хабарламада.
11-13 қазан аралығында Мемлекет басшысы салқын тигендіктен ем қабылдаған болатын. Сырқатынан кейін бірінші сапарымен Назарбаев Араб Әмірліктеріне 21 қазан күні барып, Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы БАӘ ҚК жоғары бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездескен еді.